«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
2021 жылы мектеп 48 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде: электронды түрде – 25
Қағаз түрінде – 23.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Білім беру саласындағы көрсетілген қызметтер:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 17
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 29. Оның ішінде электронды түрде – 25, қағаз түрінде – 4.
- «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау» - 2.
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру»
- «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген білім беру ұйымдары тұлғаларының біліктілік санаттарын қабылдау туралы аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау, мектепке дейінгі тәрбие, оқыту, бастапқы даярлау бағдарламаларын жүзеге асыру».
Көрсетілген қызметті алушылар үшін барлық ақпарат ресми сайттар мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында көрсетілген.
