Текст
05.12.19ж. мектебімізде «Кулинарлық викторина» өтті. Викторинаны ұйымдастырушы Коваль Лада Владимировна өте жоғары деңгейде дайындалып, оқушыларға қызықты болатындай және түйіп аларлықтай сұрақтар мен материалдарды жинақтап алып келген. Викторина соңында мақсатына жеткені көрініп тұрды, өйткені оқушылардан кері байланыс алынғанда нан мен бауырсақтың шығу тарихы, ақ тамақтардың пайдасы, жемістер мен көкөністердің құрамындағы дәрумендер туралы білімдерін толықтырғандары айтылды. Осындай викториналар оқушылардың дұрыс тамақтануға деген көз қарастарын өзгертіп, денсаулықтарын күтуге бейімдейді.